Үй жануарларын және тыйым салынған заттарды тасымалдау ережесі
Әрбір елде жануарларды тасымалдаудың өз ережелері бар, сондықтан орынды брондап қою немесе авиабилетті сатып алу кезінде операторға өзіңізбен бірге жауарды алатыныңызды міндетті түрде хабарлаңыз. Тасымалдаушы оператор аваициялық көлікпен тасымалдау үшін нақты сіздің жануарыңызға қатысты барынша толық ақпаратты беруге міндетті.
Барлық авиакомпаниялар үшін жалғыз стандартты шарт ол сіздің жануырыңыздың «жеке тұлғасын» куәландыратын негізгі құжат болып табылатын ветеринариялық куәліктің міндетті түрде болуын, сондай-ақ жануарды тасымалдау жоспарланатын зауыттық орындаудағы сенімді тор-контейнердің болуын талап ету.
Авациялық көлікпен тасымалдауға тыйым салынған заттар.
Тіркелінетін багажда немесе қол жүгімен тасымалдануына тыйым салынған заттардың түлері бар. Ұшақ бортына басқа жолаушыларға немесе экипаж мүшелеріне қауіп тудыруы мүмкін заттарды тасымалдауға тыйым салынады.
Қол жүгімен сұйықтықты тасымалдау
Сіз бір затқа 100 мл асырмайтын (3,4 унция) аз ғана мөлшерде қол жүгіңізбен сұйықтықты тасымалдай аласыз. Сіз бұл заттарды көлемі 1 литрден аспайтын тығыз жабылатын ашық пластик пакетке салуыңыз керек. Пакет жабық болуы тиіс, пакеттегі заттар оның көлеміне сәйкес келуі және оған еркін орналасуы тиіс. Бір адамға бір пластик пакетті тасымалдауға рұқсат беріледі.
Атыс қаруы
Қол жүгімен немесе тіркелінетін бағажда снарядтың атылуы үшін қолданылуы мүмкін немесе жарақат келтіруі және жаралауы мүмкін қандай да бір заттарды тасымалдау тыйым салынған. Оларға қатарына мыналар кіреді:
Пневматикалық тапаншалар, пневматикалық винтовкалар және оқ атпайтын қару;
Пневматикалық қару;
Катапульттер;
Арбалеттер;
Оқ ататын қарудың компоненттері (телескоптық проекциялық жабдықты және көрсеткіш тетіктерді қоспағанда);
Оқ ататын қару (тапаншалар, револьверлер, винтовкалар және т.б.);
Гарпундар және дротик мылтықтар;
Гуманистік тәсілмен жануарларды жансыздандыру үшін арналған құрылғылар; Өнеркәсіптік тігіндегіштер және қыстыруға арналған кеңсе тапаншалары;
Зергерлік әшекейлер немесе әскери оқтан немесе бос гильзалардан жасалған бойтұмарлар;
Оттықтар;
Көне оқ ататын қарудың модельдері және имитацияланған оқ ататын қару;
Белгі беретін тапаншалар;
Сөрелік тапаншалар
Сал қылдыратын немесе естен тандыру әсері бар құрылғыларды, мысалы электрошокер немесе баллисттік энергетикалық жүйелер;
Ойыншық тапаншалар
Спорт және ауға арналған оқатар қарулар мен жарақтардың кейбір түрлері белгілі бір шарттарды сақтаған кезде тіркелінетін багаж ретінде тасымалданады. Бұл туралы сіз міндетті түрде авиакомпанияңыздың тасымалдаушы операторына авиабилетті сатып алған кезде хабарлауыңыз керек, әрі қарай аталған затты тасымалдау үшін қажетті барлық нұсқаулықтарды аласыз.
Өткір/ұшы өткір қару және заттар
Жарақат келтіруі және жаралануға әкелуі мүмкін өткір немесе ұшы өткір заттарды қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған. Олардың қатарына мыналар кіреді:
Жебелер және дротиктер
Балталар және үлкен ауыр пышақтар
Монтерлік қадауыл
Гарпундар мен дротиктер
Мұз балталары мен мұз шапқыштары
Коньки
Жиналатын пышақтар немесе кез келген ұзындықтағы шығарғыш пышақтар
Пышақтар, соның ішінде жүзінің ұзындығы 6 см асатын (2,5 дюйм), металдан немесе басқа материалдан жасалған, қару ретінде қолдану үшін барынша мықты салттық пышақтар.
Мачетелер
Етке арналған тілім кескіштер
Ашық түрдегі ұстаралар (қауіпсіз ұстараларды немесе жүзі ауыстырылатын блоктарға салынған бір рет қолданылатын ұстараларды қоспағанда)
Қылыштар, семсерлер және семсер тұтқалары
Скальпельдер
Жүзінің ұзындығы 6 см асатын қайшылар
Шаңғы табандары және жүруге/серуенге арналған таяқтар
Лақтыратын жұлдызшалар
Ұшы өткір және ұшталған қару ретінде қолданылатын құралдар, мысалы, бұрғылар және бұрғы бөлшектері, Стэнли пышағы, шаруашылық пышақтары, аралардың барлық түрлері, бұрағыштар, сүймендер, балғалар, атауыздар, сомынды бұрайтын кілттер және сомын бұрағыштар, дәнекерлеу жабдығы.
Басы өтпейтін заттар
Жарақат келтіруі мүмкін қандай да бір басы өтпейтін заттарды қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған, соынң ішінде мына заттарды:
Бейсбол және софтбол ойындарына арналған соғу таяқтары
Бильярд, снукер және пул ойындарына арналған киилер
Крикет ойынына арналған соғу таяқтары
Қармақтар
Гольф ойнына арналған имек таяқтар
Хоккей ойнына арналған имек таяқтар
Байдаркаларға және каноэға арналған ескектер
Лакросс ойнына арналған таяқтар
Жауынгерлік өнерге арналған жарақтар, мысалы кастеттер, таяқтар, имек таяқтар, шынжырлар, нун-чактер, кубатондар және кубасаунттар
Қатты және иілгіш имек таяқтар немесе қысқа шоқпар таяқтар, мысалы, найза сабы, шоқпарлар және қысқа шоқпар таяқтар
Скейтбордтар
Жарылғыш және тез жалындағыш заттар
Денсаулыққа немесе жолаушылар мүлігіне немесе экипаж мүшелеріне қауіп төндіретін, әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген жарылғыш немесе тез жалындағыш заттарды қол жүгінде де тіркелетін багажда да тасымалдауға тыйым салынған, атап айтқанда, келесілер:
Бояуы бар аэрозоль баллондары
Құрамында жалпы мөлшерінен 70% астам спирт бар алкоголь ішімдіктері (спирттің күштілігі 140% градус)
Оқ-дәрілер
Капсюль-детонаторлары
Детонаторлар және фитильдер
Жарылғыш заттар мен құрылғылар
Отшашулар немесе кез келген түрдегі белгі беретін тапаншалар (соның ішінде, хлопушкалар мен сайқымазақтар)
Жалындайтын сұйық отын, мысалы, бензин, дизель, тез буланатын отын, спирт, этанол
Газ газы бар контейнерлер, мысалы, бутан, пропан, ацетилен, көп мөлшердегі оттек. Гранаталар
Сіріңкелер, қауіпсіз сіріңкелерден басқасы
Миналар және басқа да жарылғыш оқ-дәрілер
Көне және имитацияланған жарылғыш заттар мен құрылғылар
Түтін шашкілері немесе гильзалар
Скипидарға және бояуға арналған еріткіштер
Химикаттар мен уытты заттар
Денсаулыққа немесе жолаушылар мүлігіне немесе экипаж мүшелеріне, әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген химикаттар мен уытты заттарды тасымалдауға тыйым салынған. Олардың қатарына келесілер кіреді:
Қышқылдар және сілтілер, мысалы, ағатын «ылғал» батареялар.
Тот бастыратын немесе ағартқыш заттар, мысалы, сынап немесе хлор
Сал қылдыратын әсері бар аэрозолльдер, мысалы, газ баллондар, бұрышталған аэрозоль, жас ағызғыш газ
Өрт сөндіргіштер
Жұқпалы немесе биологиялық тұрғыдан қауіпті заттар, мысалы, зарарлы қан, бактериялар немесе вирустар
Өзінен өзі жалындайтын немесе жарылғыш заттар
Улар
Радиоактивті заттектер, мысалы, медициналық немесе өнеркәсіптік изотоптар.