"АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" АҚ құрылу тарихы
Әуежай өз қызметін 1979 жылдан Гурьев Бірлескен Авиация Отряды деген атаумен бастады. Кейін «Қазақстан Әуе Жолы» Ұлттық Авиакомпаниясының Атырау Бірлескен Авиация Отряды болып қайта аталды.
"АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" акционерлік қоғамы 1993 жылдың 14 сәуірінде құрылды, өз қызметін 1994 жылғы 01 қазаннан бастады және бірлескен кәсіпорын ретінде бектілді.
Тіркеу кезіндегі қазақстандық құрылтайшысы «Қазақстан Әуе Жолы» Ұлттық Авиакомпаниясының Атырау Бірлескен Авиация Отряды болып табылды.
Түрік құрылтайшысы Magdenli Yer Hizmetleri vе Tasima A.S. (Магденли Йер Хизметлери ве Ташима А.Ш.) болып табылады.
Аталған кәсіпорын Қазақстан-Түркия бірлескен кәсіпорны болып келеді.
"АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" АҚ Атырау қаласындағы облыс орталығының оң жағындағы Атырау қ. әуежайда орналасқан. Кәспорынның орналасу алаңы тегіс, жер бедерінің коэффициенті 1,0 тең.
Әуежай аумағына теміржол тармағы жақын келеді, ол бойынша АҚ-ға және өзге кәсіпорындарға жүктер және ЖЖМ келеді.
2005 жылы жаңа ұшу-қону алаңы пайдалануға енгізілді, бұл әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдауға жағдай туғызды.
Халықаралық стандарттарға және Ұсынылатын практикаға, сондай-ақ Халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес, Атырау қ. аэродром 9 санатқа жатады.
Қазіргі уақытта акциялар келесі тәртіпте бөлінген:
- акциялардың 50% (мемлекеттік пакет) «Атырау ӘКК» ҰК АҚ тиесілі;
- акциялардың 50% «Магденли – Йер Хизметлери ве Ташима А.Ш.» түрік компаниясына тиесілі.
"АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" акционерлік қоғамы Атырау қаласының әуежайында келесі қызмет түрлерін ұсынады:
- жолаушыларға қызмет көрсету (авиабилеттерді тіркеу, багажды, поштаны, жүкті рәсімдеу);
- АМТ/КМТ залдарының қызметері (жолаушыларға жайлы қызмет көрсету);
- поштаны, жүкті және багажды өңдеу (рәсісдеу, тиеу, түсіру);
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін арнайы техникалық құралдарды ұсыну (борттық тамақтандыру машиналары, траптар, перронды автобустар және т.б.);
- санитарлық бөлім қызметтері (жолаушыларға медициналық қызмет көрсету);
- кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер (жылжымалы құрам үшін);
- сумен қамту және кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсету (сумен және кәріз жүйесімен әуежай аумағында орналасқан кәсіпорынды қамтамасыз ету);
- үй-жайларды жалға беру (үй-жайларды, ғимараттарды және алаңдарды жеке тұлғаларға да ұйымдарға да жалға ұсыну);
"АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" АҚ өміріндегі жаңа кезең Новый этап жылы басталдаы, аэровокзал кешені жинақтағыштарын қайта жаңартқанда, бұл терминалдың өткізу қабілетін сағатына 200 жолаушыдан сағатына 400-450 жолаушыға дейін арттыруға жағдай жасады. Жалпы алаңы 3686 м2 құрайды. Терминал қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған. Әуежайда ішкі және халықаралық бағыттар бойынша ұшып жүретін қазақстандық және шетелдік авиакомпанияларға қызмет көрсетіледі. Атыраудан Мәскеу, Стамбул, Амстердам арқылы әлемнің кез келген жеріне баруға болады.
Каспий аймағы өңіріндегі мұнай саласының шалқып өркендеуі жүк тасымалдау көлемін арттыруды, мұнайшылар үшін жабдықтың тез жеткізілуін талап етті және әлі де көп бағытарды ашуға үлкен мүмкіндіктер бар.